пятница, 13 июля 2007 г.

Ширыгыс

Ассалаумағалейкум, Бауырларым!!! Мен Сіздердің Ауылдарыңызбен қазір ғана таныстым. Оның да себебі болды: бойында Ұлттық Рухы жанып тұрған ұлтжанды азамат жолдасым Бұхарбай ОЛЖАБАЙ Сіздерде жарияланған Мұхтар аға Шахановтың «Қазақ халқын қорлау кімге тиімді?» деген жан-айқайын маған ашынып алып келіпті. Оқып шығып, қаным басыма шапты! Не деген сорақылық! Бұл фильмді естігенім болмаса, көрмегенмін. Ағаның жазбасынан оқып, тұла бойым түршікті. Дәл мұндай бейбастық деп ойламаппын!!! Ел естімеген сұмдық қой! «Жуас қой жүндеуге жақсы» деп, ешкімді алаламай бәріне қонақжай көңілін айқара ашқан кеңпейіл қазақты соншалықты қорлағаны қай басынғаны? Бүкіл қазақ халқының АР-НАМЫСЫН аяусыз қорлаған сценарий авторы дереу жазасын алуға тиіс!!! Мемлекеттік деңгейде! Қазір қатты қаным қайнап отыр. Еліміздің бетке ұстар ардақты да аяулы азаматы Мұхтар ағамыздың атына кір келтірген қаскүнемнің ісін Мемлекеттік Сотқа беру керек! Бұндай бассыздық аяқсыз қалмайды!!!!!!!!! Қадірменді Ауыл басқармасы! Сіздердің «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, айтарларыңызды ашып айтатын, кемшілікті бетке басып айтатын батылдықтарыңызға, қазақы болмысты нық ұстанған бағыт-бағдарларыңызға бек ризамын! Ешқашан осы алған бағыттарыңыздан таймаңыздар! Сіздерге әрқашан Ел мүддесінің қорғаны Ұлттық Намысты ту етіп, биікте ұстар Қайтпас Қайсарлық, Ерен Өжеттіқ, Өткір Тіл, Батыл Үн тілеймін! Ауылдарыңызбен әлі толық таныс емеспін, сондықтан нақты пікірімді кейінірек білдірермін. Халықтың нағыз үнін білдіретін Сіздермен танысқаныма қатты қуаныштымын! Енді Сіздермен тығыз байланыста боламыз. Жеке сайттар сатылатын болса сатып аламыз. Біз де Ел үшін еңбек етуді көздеген ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТЖАНДЫ перзенттерінің біріміз. Аллаһ осы жолда баршамызға қуат берсін! Ағайын, енді бүкіл қазақ атына жағылған қап-қара күйені жуып кетіру үшін өте көп еңбек етуіміз керек! Ар жағынан да, бар жағынан да! Кеудесінде ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫ бар барша қазақ сілкіну керек, ширау керек! САФ ТАЗА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІ, ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫМЫЗДЫ, АППАҚ АРЫМЫЗДЫ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ТАНЫТА БІЛУІМІЗ КЕРЕК! Қазір бізде соның бір мүмкіндігі туып тұр. Бұл жолы біздің ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫМЫЗДЫ 7 ЖАСАР ҚАРШАДАЙ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚОРҒАМАҚ!!! Сіз болып, Біз болып сол қаршадай қызға көрсетер көмегіміз арқылы ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫМЫЗДЫ ҚОРҒАП ҚАЛАЙЫҚ!!!!!!!

3 комментария:

Бақытнұр комментирует...

blogynyzdy ary karai korkeite bermeisiz be?

Komek bolsa aitynyz

http://bakytnur.wordpress.com

Асхат Еркімбай комментирует...

Қандай қыз жайлы айтып отырсыз? Тәп-тәуір блогыңыз бар... ойларыңызды күтемін. Көмек қажет болса, айтарсыз.
Алматыдамын.
http://urimtal.wordpress.com

Анонимный комментирует...

Я порекомендую всем, кто ищет бизнес-ссуду, мистеру Бенджамину, который помог мне с ссудой в четыре миллиона долларов, чтобы начать свой бизнес, и это было быстро. Когда они получали ссуду, было удивительно, насколько легко с ними было работать. Процесс был быстрым и безопасным. это определенно был положительный опыт. избегайте мошенников здесь и свяжитесь с мистером Бенджамином. 247officedept@gmail.com. whatsapp ... + 19893943740. если вы ищете бизнес-кредит.